COMING SOON — 26 november 2026
Қанат пен Нұрбек—үйлерге қызмет көрсететін екі сантехник. Бір күні олар бай əйелдің элиталық пəтеріне құбыр жөндеуге келеді. Əйел ауыр ажырасуды бастан өткеріп жүр. Ол ашуланып, телефон арқылы психологпен сөйлесіп, депрессия, жалғыздық жəне өмірдің мəнсіздігі туралы əңгімелейді. Біраз уақыттан кейін Қанат пен Нұрбек үй иесін таба алмай қалады. Олар пəтерді іздеп жүріп, əйелді жабық бөлмеден табады. Əйел өзіне қол жұмсамақ болған екен. Сантехниктер дереу оған алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалады. Осы сəтте олардың əңгімесі күтпеген жерден шынайы сырласуға айналады. Қанат пен Нұрбек өз өмірлері туралы айтып, əзілдесіп, пікір таластырып, əйелді мұқият тыңдайды. Кəсіби психолог болмаса да, олардың қарапайым əрі шынайы сөздері əйелге жеңілдік əкеледі.