ЖАҚЫНДА КИНОДА — 19 қарашаның 2026
Қаламқас—өрт сөндіру бөлімінің тəжірибелі, қатал басшысы. Жұмыста өзгелердің өмірін құтқарып жүрген оның өз үйінде шешілмеген мəселесі бар: күйеуі Əділ—лудоман. Қаламқас оның түзелетініне қайта-қайта сеніп, қызы Зеренің болашағын сақтап қалуға тырысады. Оның əріптестерінің де сыртқа айтпайтын өз ауыртпалығы бар. Мағжан өмір бойы ішетін əкесі мен одан шаршаған анасының ортасында қалған. Жүрсін—жүре алмайтын əйелін аяғынан тұрғызу үшін ем іздеп жүрген қамқор күйеу. Жас жүргізуші Айбек — ауылдағы кедей отбасының үлкені, жақындарын жоқшылықтан алып шығуды армандайды. Ал диспетчер Жамал мен Айбектің арасында біртіндеп жылы сезім пайда болады.