ЖАҚЫНДА КИНОДА — 30 сәуірдің 2026
Балалар үйінде бірге өскен Бекен мен Тимурдың өмірі бала кезде болған бір оқиғадан кейін мүлде өзгеріп кетеді. Бекен тұйықталып, ауылда жалғыз өмір сүреді, ал Тимур қалаға кетіп, өз тіршілігін жасап жүреді. Бекен қиын кезеңге тап болғанда, Тимур оны қалаға алып келеді. Ол шындықты айтпай, досына өмірдің жақсы жақтарын көрсетіп, адамдармен араласуға, өмірге қайтабейімделуге көмектескісі келеді. Бұл сапар екеуіне де өмір мен достықтың шын мәнінде не екенін түсіндіреді.