COMING SOON — 23 april 2026
Ертеден бері далада табу қиын бір адам туралы аңыз айтылады. Ол біреуге көмек керек болған жерде пайда болып, алғыс айтып үлгермей жатып көзден ғайып болады. Адамдар айтады: тағдыр адамды ауыр таңдау алдында қалдырғанда, сол маңда міндетті түрде Алдар деп аталатын жан пайда болады. Көшпелі хандықтар дәуірінде қазақ даласында қазақтар мен ойраттардың арасында үлкен шиеленіс туындайды. Қазақ ханының ұлы тұтқынға түсіп, оны босату үшін жау жағы орындалуы қиын талаптар қояды. Хан қарсыластың ниетін білу және мұрагерін құтқару үшін даладағы ең айлакер адамды — Алдарды жібереді. Алайда тұтқында күтпеген жағдай орын алады: жас жігіт ойрат билеушісінің қызына ғашық болады. Тыйым салынған махаббат олардың өміріне қауіп төндіреді, ал екі жақтың әскерлері шайқасқа дайындалып жатыр. Алдар өзінің айласы мен сенімді достарының көмегімен жау жеріне жасырын кіріп, ғашықтарды құтқарады және соғысты болдырмаудың жолын табады. Әскерлер бетпе-бет келген сәтте дәл оның даналығы мен тапқырлығы оқиғаның бағытын өзгертеді. Шайқас басталмайды, екі жақ қантөгіссіз тарайды, ал жастар бірге болуға мүмкіндік алады — осылайша далаға ең қажет кезде келетін адам туралы аңыз тағы бір рет шындыққа айналады. С давних времён в степи рассказывают о человеке, которого трудно найти. Он появляется там, где кому-то нужна помощь, и исчезает раньше, чем его успевают поблагодарить. Люди говорят: когда судьба ставит человека перед трудным выбором, где-то рядом обязательно оказывается тот, кого называют Алдаром. В эпоху кочевых ханств на земле казахской степи назревает конфликт между казахами и ойратами. Сын казахского хана попадает в плен, и враги требуют за него почти невыполнимый выкуп. Чтобы спасти наследника и узнать намерения противника, в стан врага отправляют самого находчивого человека степи — Алдара. Но в плену происходит неожиданное: юноша влюбляется в дочь ойратского правителя. Запретная любовь может стоить им жизни, а две армии уже готовятся встретиться на поле битвы. Проникнув на территорию врага с помощью своей хитрости и верных друзей, Алдар спасает влюблённых и находит способ предотвратить войну. Когда войска сходятся лицом к лицу, именно его мудрость и смекалка меняют ход событий. Битва так и не начинается, враги расходятся без крови, а молодые получают шанс быть вместе — ещё раз подтверждая легенду о человеке, который приходит в степь тогда, когда он нужнее всего.