COMING SOON — 19 february 2026
Бірнеше жылдық қамаудан кейін Владислав Макаров туған қаласына оралады. Алайда ол жоқта қала көшелерін қара түнек торлап, жағдай мүлдем ушығып кеткен. Ережесіз жекпе-жектер, есірткі саудасы мен үрей – қала тынысына айналған. Бұл қылмыстық әлемді тасада отырып «Қара Баха» деген лақап атпен танымал қылмыс дөкейі басқарып отыр. Макаровтың кім екенін және оның әлеуетін жақсы білетін Баха оның ең жанды жерінен басады – інісі Константинді пайдаланады. Інісі арқылы Владиславқа астыртын жекпе-жек әлеміне қайта оралуды ұсынады. Бас кейіпкердің алдында қиын таңдау тұр: қайтадан зорлық-зомбылықтың бір бөлігіне айналу немесе ойын ережесін ішінен өзгертуге тырысу. Рингке шығуға келіскен Владислав өзінің қауіпті ойынын бастайды. Ол астыртын бизнестің негізі болып табылатын жүйені құрту үшін не жеңілмейді, не жеңбейді, осылайша астыртын кәсіпті ұстап тұрған тіреулерді шайқалтады. Оның мақсаты – қаланың бүкіл қылмыстық жүйесіне қарсы шығуға тура келсе де, жекпе-жектерді тоқтатып, есірткі жолын кесу. Владислав қылмыс әлемінің «темірдей» қатты ережелерін бұзып, Қара Баханы тоқтата ала ма? Өзін және жақындарын қорғап қала ала ма? Мұны көрермен «Темір» фильмінен анықтайды. После нескольких лет заключения Владислав Макаров возвращается в родной город, где за время его отсутствия улицы окончательно погрузились во тьму. Подпольные бои без правил, наркотрафик и страх стали частью повседневной жизни. Всем этим из тени управляет криминальный авторитет по прозвищу Баха Черный. Понимая, кто такой Макаров и на что он способен, Баха решает использовать его прошлое и слабое место — младшего брата Константина. Через него Владиславу предлагают вернуться в мир подпольных боёв. Перед героем встаёт выбор: снова стать частью насилия или попытаться изменить правила игры изнутри. Согласившись выйти на ринг, Владислав начинает собственную опасную игру. Он намеренно избегает и победы, и поражения, разрушая схему, на которой держится подпольный бизнес. Его цель — положить конец боям и перекрыть наркотрафик, даже если для этого придётся пойти против всей преступной системы города. Сможет ли Владислав сломать «железные» правила криминального мира и остановить Баху Черного, не потеряв себя и своих близких — зритель узнает в фильме «Железо».